Елорда тұрғындары табиғи отандық өнімдерден жасалған шебер аспаздардың тағамдарынан дәм тата алады. 27-28 тамыз күндері Астанадағы «Арай» саябағында тамақ және сән фестивалі өтеді. Былтыр 3000-ға жуық адам қатысқан шара  барысында биыл сәнге де көңіл бөлінбек. Фестивальде үздік дәмхана, мейрамханалармен қатар, сән және арт индустрияның жаңалықтары көрсетіледі деп жоспарлануда. Спорттық шаралар, концерттер және балаларға арналған бағдарлама да бар.  «Бұл жолы фестивальге кіру тегін болмақ. Келушілер емес, керісінше, өз тауарын мен қызметін ұсынушылар арнайы жарна төлейтін болады» ,- дейді ұйымдастырушылар.

 

ӘЛИЯ САПАРОВА, ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз фестивал барысында фаст-фуд пен стрит –фудтың айырмашылығын көрсеткіміз келеді. «Көше» тағамдарын да жылдам әзірлеуге болады. Алайда сапалы, пайдалы тағамдарды қолданамыз. Тұрғындар да осы форматқа бет бұра бастаса дейміз. Фестивальде аспаздар тағам әзірлеудегі құпияларымен бөлесетін болады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер