Сербияда «Жамбыл. Ұлы дала жыршысы» деп айдар таққан кітаптың тұсауы кесілді. Жыр алыбы Жамбыл жайлы туынды тұңғыш рет серб тілінде жарық көрді. Абыз жырауға арналған кітаптың авторы – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Қазақ поэзиясындағы қайталанбас тұлға жайлы еңбекті серб тіліне Белград университетінің профессоры Ольга Маркович аударған. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған шараға қатысушы мәртебелі меймандар мұндай бастама Қазақстан мен Сербия байланысын жаңа белеске шығаратынына сенімді. Бүгінде ақиық ақынның туындылары әлемнің 26 елінің тіліне аударылған.

 

Ерлан Сыдықов, "Жамбыл. Ұлы дала жыршысы" кітабының авторы:

Экономикалық жетістіктеріміз тұрақты саясатымыз Елбасының арқасында әлемге әйгілі болды. Ал оның барлығын одан әрі тереңдетудің жолы- гуманитарлық мәдени байланыстарды әлемдегіелдермен  тығыз жүргізу. Бұл дипломатияның негізі деп білемін. Бүгінгі мынау тұсауы кесіліп отырған Сербиядағы Белград қаласындағы Жамбыл кітабының серб тіліне аударылуы - соның айғағы.

 

Ольга Маркович, "Жамбыл. Ұлы дала жыршысы" кітабының аудармашысы:

Ол өзінің  өмірі, халқы, соғыс жайлы көптеген туындылар жазған. Бала кезінен ақындық қасиетімен дараланып көпшілікке таныла түсті. Біз әлі де оның бірегей өлеңдерін аударып, шығармашылығымен етене танысқымыз келеді.

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер