Мәскеудің тарихи орталығында қазақстандық пейзаждарды тамашалауға болады. Онда қазір "Қазақстан - ұлы дала елі" атты фотокөрме өтуде.  Никольский көшесіндегі көріністі "Нэйшнл Джиографик Раша " журналы мен елдегі біздің елдің елшілігі бірігіп ұйымдастырды. Көрме - «National Geographic Казахстан» қазақ тілді басылымының ашылуына орай өтті. Фотограф Андрей Каменев ел аумағындағы 5 мың шақырым жерді аралап, 60-тан астам керемет фототуынды жасаған. Ол сай-саланы, жазық даланы, таулар мен көлдерді түсірген. Суреттердің арасында Экспо-2017 мен Қысқы универсиада ойындарына арналғандары да бар. 

Илья Минский, Nat-geo.ru сайтының бас редакторы:

Қазақстанды жергілікті жастарға көрсеткіміз келдік. Өйткені олардың көбі Қазақстанды тек жазық даламен ғана байланыстырады. Сондықтан фотограф ел табиғатын түрлі қырынан түсіріп әкелді.

Мәскеу тұрғындары фотокөрмеге үлкен қызығушылықпен келді. Шара,,, тамыздың 24-не дейін жалғасады. Содан кейін Қазақстанның бұқараға белгісіз жерлері туралы ауқымды материал «National Geographic» журналының алдағы басылымында шығарылады. 

Алина Скороход  актриса:

Мен ешқашан Қазақстанда болған жоқпын. Мына суреттерде бейнеленген пейзаждар қызықтырып тұр. Фотограф бізге табиғаттың әдемі көрінісін жеткізе алды. Экспо-2017 көрмесі туралы білдім. Енді осы шараға қатысқым келіп тұр.

Мәскеуде Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер