Ертіс өңірінде "Ұлы дала елі" этнофестиваліне дайындық басталып кетті. Екі күндік ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Фестивальге алыс-жақын шет мемлекеттер мен еліміздің түкпір-түкпірінен меймандар келіп, павлодарлықтардың өнерін тамашаламақ. Мерекелік шара  барысында түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдарының халықаралық көрмесі өтеді. Құсбегілер қойылымы мен ежелгі көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін паш ететін каскадершілердің өнері байқаудың көрігін қыздырады. Сонымен қатар, спортты серік еткен азаматтар ұлттық спорт түрлері бойынша сынға түседі.

 

Ермұрат Тілегенов,  фестивальдің ұйымдастырушысы:

Осы жерде біздің ата-бабаларымыз осы жерде өздері құрмалдық беріп, Алла тағаладан бір осы еліміздің, осы жеріміздің үлкен бір мақсатына жетсін деп сондай бір мәселелер соның бір маңызы бар. Қазіргі уақытта еліміздің егемендік алып, үлкен Тәуелсіздіктің 25 жылдық өтіп жатқан уақытында үлкен мынауұлы, дүбірлі жақсы бір шара өткізейін деп жатырмыз "Ұлы дала елі деген".

 

 

 

 

Сурет: pavlodarnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер