"Астана Опера" залы Франция, Швейцария және Ресейден келген танымал музыканттардың әуенімен әрленді.

 

Олар музыка тарихындағы кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бахтың шығармашылығына арнап "Бах сазымен" атты концерт өткізді. Сырға толы әуендерді скрипкашы Рашель Кисканин, альтшы Павел Романенко, виолончелист Эльдар Сапараев орындады. Швейцарияға қоныс аударған отандасымыз Эльдар Сапараевтың айтуынша алдағы уақытта өзінің қатысуымен Қазақстанда тағы екі концерт өтеді. Ол кезде "Астана опера" сахнасында өнер көрсетуге шет елдік танымал музыканттармен бірге қазақстандық өнер майталмандары да шақырылмақ.

 

Эльдар Сапараев, виолончельші:

Егер бұл туындыны қайырмасымен орындайтын болса, бір жарым сағатқа созылады. Оның бәрі бір деммен орындалуы тиіс. Барлық бұрылыстар бір-бірімен үндесіп жатыр. Әуелі 14 өзгеріс  бір демдеде кейін тағы 14 түрлі дыбыс. Үндестігін ештеңемен салыстыруға келмейді. 

 

 

 

Сурет: lite.bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер