Челябі облысының Чесма ауданында «Туған жер» атты қазақ халқының шығармашылық фестивлі өтті. Қазақстанмен шекаралас бұл аймақ тұрғындарының 30 пайызын қазақтар құрайды.

 

Александр СЕРКОВ, ЧЕСМА АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ  (ЧЕЛЯБІ ОБЛ, РФ):

 

Қазақ дәстүрі, мәдениетімен жақсы таныспыз. Оның үлгі алатын тұстары көп. Мысалы үлкенді сыйлау, қарттарға құрмет, отбасылық құндылықтарды сақтай білуі өзгелерге сабақ.

 

Делебені қоздырып, қиқуға бастырған тай, құнан, ат арбамен жарыс, қыз қуу сияқты бәсекелерді қызықтағандар көп. Ал боз кілем үстінде елуге жуық палуан өзара күштіні анықтап жатса, сахнада ақ жаулықты әжелер ұлттық дәстүрімізді көрсетіп, өнерлерін ортаға салып, сынға түсті. Жастарға арналған ойын сауық бағдарламасы да ауқымды.

 

Соңғы жылдары бұл өңірде тіл үйретуге де ерекше маңыз беріліп отыр. Факультатив есебінде қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге биыл арнайы еңбекақы тағайындалған. Тіл үйренгісі келетіндердің қатары артып келе жатқандықтан, сабақ сағатын көбейтсек деген ойлары бар.

 

Қанат СЕЙТІКОВ, РУКОВОДИТЕЛЬ КАЗАХСКОГО ЦЕНТРА «АЗА-МАТ»  ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ (ЧЕЛЯБІ, РФ):

 

Қазір міне әке-шешелері, балалар оқығысы келеді. Неге десеңіздер, Қазақстанға көп барады, қазір жол ашық. Анда келіп, туыстар күледі орыссыңдар деп. Сондықтан орыс болмаймыз деп, балалар тырысады, әке-шешелері балаларымыз оқысын деп әкеледі. 

 

Туган Жер» фестиваліна  бір тонна ет асылып, бес мың адамға қонақасы берілді. Бірнеше қазан көтеріліп, таң атысымен отызға жуық аспаз ұлттық тағамды дәмін келтіріп, дайындауға тырысты. 

 

Сурет: www.culture.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер