Елордада Абай Құнанбавтың туғанына 171 жыл толуына орай «Абай әлемі және біз» тақырыбы аясында кеш өтті. Шараға Хәкім Абайдың өлеңдерін жатқа білетін әрі мәнерлеп оқиын әртүрлі жастағы адамдар қатысты. Қалалық Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция мамандарының айтуынша, ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты алғаш рет еске алу кеші 1914 жылы Семейдің зиялы қауымдарының ұйымдастыруымен өткен. 

 

Дәметкен БЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖӘНЕ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ САҚТАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

 

Абай 1904 жылы қайтыс болған. Ал, оны еске алу кеші 1914 жылы Семейдің зиялыларының ұйымдастыруымен өткен. Араға 100 жыл салып аймақтың шығармашыл тұлғалары мұрағаттағы құжаттарға сүйене отырып еске алу кешін қайта жаңғыртты. Айта кетерлігі Абайдың құрметіне әлемнің бірқатар қалаларында ескерткіштер қойылған.

 

Медеу АҚЫЛБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Абай Құнанбаев. Әсемпаз болма әрнеге.

 

Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан.Сен де – бір кірпіш, дүниеге.

 

Кетігін тап та, бар қалан!Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да, қуғанға.Әділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға.

 

Сурет: ustazbol.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер