Киелі Түркістанға жылына жарты миллион турист келеді. Шет жерден жететін туристердің қызыға тамашалайтын орындарының бірі - тарихи-мәдени этнографиялық орталығы. Алты мың жәдігер сақтаулы тұрған музей қызметі жаңарып, заманға сай жетілдіріліп келеді.

 

Тұрар ӘКІМОВ, ОҚО ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Қазіргі таңда орталығымызға алыс-жақын шет елдерден, мына Қытай Республикасынан, Еуропа елдерінен көптеген туристер келуде. Біздің орталықтың жәдігерлерінің топтамасы нузиматкиалық, археологиялық, және жеке тұлғаларға арналған мемориалдық деп атайды ғой, сондай экспонаттар топтамасынан тұрады.

 

Ағаштан жасалған хан тағы - орталықтың құнды экспонаттарының бірі. Ол көне жазбаларға, тарихи құжаттарға, археологиялық және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, құрастырылған. Әдетте туристер осы жерде көбірек аялдап, шеберлердің қолынан шыққан тарихи туындының ою-өрнегіне сүйсіне қарайды. 

 

Райхан ҚҰРМАНБАЕВА: 

Әзірет Сұлтанның мынау қасында сондай бұрыңғы ескі дүниелердің нақтарын көрсетіп қойыпты. Хандықтардың қандай болғанын көрсетіпті. Және өте үлкен маңызды, тәрбиелі жұмыс екен.

 

Орталықта  ескі Түркістан, Сауран қалаларының орындарында, Сырдария жағалауында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған құнды заттар көп. Мысалы, мынау мыс бақырлар - сонау 14,17,18-ғасырдың көзі. Жебенің үшкір басын, қоладан жасалған қанжарды біздің дәуірімізге дейінгі 18-12 ғасырларда өмір сүрген адамдар пайдаланған. Ал мынау әйелдердің басына тағатын алтынмен апталған әшекейлі бұйымына мың жарым жыл. Енді бұл экспонаттармен тереңірек танысу мүмкін болып отыр. Музей келер жылдан бастап ақпараттық технологияны пайдалана бастайды. Электронды дүңгіршектер арқылы шетелдік қонақтар халықтың бай мәдениетімен кеңінен таныса алады.  

 

 

 

Сурет: kz.otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер