Қазақ елін әлемге әйгілі еткен, тұтас бір дәуір мәдениетінің айнасы болған «Алтын адам» Сыр елінде. 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен көмкерілген құнды жәдігерді тамашалауға сырбойылықтар ағылып келуде. «Алтын адамның» жанынан табылған күміс ыдыстардағы жазулар сан ғасырлар бұрында қазақ даласында жазу-сызу дәстүрінің бар болғандығын айшықтайды. Сондай-ақ, патшалық арнайы мөрі де - қазақ халқының құжатнамалық, заңдық айналымын, жалпы мемлекеттілік тұрғысында ұйысуының жарқын дәлелі. Көркемсурет залына жиналғандар тарих мақтанышы, баға жетпес мұра жайлы құнды мағлұматтарға қанықты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени тур бүкіл республика аумағын аралап шықпақ.

   

Пердехан МҰСЫРМАНҚҰЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Алтын адамның тек өнер туындысы ғана емес, Сақ заманының өмірінен хабар беретін бірден-бір дерек. Алтын адам жәдігері Тәуелсіздік символы болғандықтан, бұл тек Астана мен Алматыдағы үлкен музейлерде ғана емес, еліміздің бүкіл халқы, жұрты көретін ел байлығы болғандықтан өңірлерді аралауды жалғастырудамыз. 

 

 


Сурет: kaz.tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер