«Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Музыка – мәңгілік» концерті өтеді. Кеш бойы сахнада – «Астана Опера» театрының солистері – Татьяна Вицинская, Елена Низамутдинова, Ескендір Абжанов және шақырылған әнші – контратенор Тимур Низамеев өнер көрсетеді. Сондай-ақ, концертке «Астана Опера» Ішекті триосы қатысады, деп хабарлайды Asтаnаopera.kz.

 

Кеш бағдарламасына концерттің авторы Александра Егорова И.С.Бах, А.Вивальди, Г.Гендель, Г.Перселл, Дж.Перголези, Дж.Сарти және тағы басқа әйгілі композиторлардың өлмейтін шығармаларын енгізді.

 

Көне әуендер, соның ішінде барокко XVIII ғасырға дейінгі кезеңге жататындығын естеріңізге саламыз. Бұл дәуірде музыка жанрының өрісі кеңіп, шығарманың опералық түрі пайда болды, әдеттегі дауыстардың қатарында ер адамның ерекше дауысы – контратенор өте танымал бола бастады.

 

 

 

Фото: astanaopera.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер