Экспо-2017 көрмесі қонақтарына таңғажайып тарту жасалмақ. Келер жылы маусым айында Астанада "WeWillRockYou", яғни, "Біз сізді таңғалдырамыз"  әлемдік мюзиклінің тұсаукесері өтеді. Гиннестің рекордтар кітабына енген бұл қойылымды британдық режиссерлердің, хормейстер мен хореографтардың қатысуымен отандық өнерпаздар орындайды. Жоба ұйымдастырушылары әлемдік туындыны елімізде сахналау - мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды қажет етпейді дейді.

 

Ғалым АХМЕДЬЯРОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мюзикл қазақстандық театрлар үшін жаңа жоба болмақ. Оған еліміздің ең үздік вокалистері мен Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының мюзикл әртісі мамандығын меңгерген алғашқы түлектер және Астанадағы қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірттері қатысады.

 

 

 

Сурет: magnolia.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер