Ақмола облысының Зеренді ауданында «Желтаудың желмаясы» атты тарихи этномәдени көрмелер фестивалі өз мәресіне жетті. Желтау тауының етегінен орын тепкен этноауылда киіз үйлер және ұлттық тағамдар байқауы өткізілді. Одан бөлек, көпшілік өнертапқыштар көрмесі мен ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесін көруге мүмкіндік алды. Тіпті, төбет пен тазы секілді текті иттердің көрмесі де ұйымдастырылып, оны жұртшылық қызыға тамашалады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен де сайыстар өтті. Күн райының қолайсыздығына қарамастан, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға атсалысу үшін келген халықтың да қарасы қалың. Олардың арасынан Қазақстанға қыдырып келген шетелдіктер, өткізілген шараны көріп, өз таңданыстарын жасыра алмады.

 

Михаел НАУМАН, ТУРИСТ /ГЕРМАНИЯ/:

Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Мына кең даланың әсемдігін, қазақтардың қонақжайлығы мен олардың салт-дәстүрлерінің мән-мағынасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маған әсіресе, қазақтың әндері қатты ұнады. Әттең ауа-райы құбылып тұр. Әйтпесе, мұнда  бұдан да көп адам жиналып, мерекені көтеріңкі көңіл-күймен өткізер едік. 

 

 

 

Сурет: kzbydocs.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер