Қазақстандық әнші «Славянский Базар-2016» байқауынан жүлдемен оралды. Витебск қаласында өткен сайыстың 2 күнінде жерлесіміз 155 ұпай жинады. Осылайша, ол Гран-при иеленген Белорус әншісінен бар болғаны 2 ұпай аз жинады. Әншілердің өнерін халықаралық қазылар алқасының құрамында болған Валерий Леонтьев, Нағима Есқалиева, Наталья Могилевская және Александр Тихонович бағалады. Байқауда қазақстандық әнші жүлделі орынмен қатар $15 мың ұтты.

 

Adam, ӘНШІ:

Байқаудағы нәтижелеріме өзімнің көңілім толады. Ол ақшаны мен қыркүйек айында болатын тойыма жұмсауды жоспарлап отырмын. Астана қаласында өтетін тойыма барлық Витебск қаласын шақырдым. Біразы келетін де сияқты. 

 

 

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер