Талдықорғанда жас жыршылардың «Тарихқа тағзым» атты республикалық байқауы өтіп жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған байқауда еліміздің  6 өңірінен  келген 15 жыршы өнер көрсетуде. Қатысушылар поэма мен эпостық жырдан 2 үзінді орындауы тиіс. Оның алғашқысы Жетісу өңірінен шыққан жыршы-термешілердің туындысы болуы шарт. Мысалы, Қабан жыраудың, Сүйінбай мен Жамбылдың шығармасын орындауға болады. Екіншісі патриоттық жыр болуы қажет. Осындай байқау өткізе отырып, жастарды ұлттық өнерге баулып, жыршылар мектебін қалыптастыру көзделген. «Ен бастысы, атадан балаға жалғасқан қасиетті өнер жалғасын тапса» -дейді ұйымдастырушылар.

 

Төлеужан ҒҰМАРОВ, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бірінші рет өтіп жатқаннан кейін кейбіреулер жыр мен термені шатастырып алып жатыр. Жыр дегеніміз белгілі бр аңыздан, тарихи оқиғадан үзінді жырлап жеткізу керек.  Сондықтан мұнда кәсіби  мамандар отыр. Қайсысы жырды толық түсінді, қайсысы толық түсіне алмады байқау соңында сарапқа түсетін болады. Сол бойынша  жүлдегерлер анықталады.

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер