«Экспо-2017» көрмесі аясында еліміздің шежірелі тарихынан кеңінен сыр шертетін мәдени шаралар ұйымдастырылады. Ұлттық мұражай өкілдерінің айтуынша,  қазақстандықтар мен шетелдік меймандардың назарына 20-дан астам республикалық және халықаралық көрме ұсынылмақ. Мәдени ошақ мамандары қонақтарды бірінші кезекте өткен ғасырдың 20-жылдарынан бүгінге дейінгі ұлттық қолөнер мен қылқалам шеберлерінің жұмыстарымен таныстыруға басымдық береміз деп отыр. Сондай-ақ, еліміздің бас рухани азық кешенінде әлемге әйгілі «Лувр», «Эрмитаждың» алтын қорындағы құнды жәдігерлер көрмесі қанат жаяды. Бұдан бөлек, әлем тарихында із қалдырған Қытайдың императоры Цин Шихуанди мен Осман империясының қолбасшысы Сұлтан Сүлейманның мәдени ескерткіштерін тамашалау мүмкіндігі жасалады.

 

Сая ӘЛІПОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 

Біздің мұражайда өтетін мәдени іс-шаралар туралы толық ақпаратты www.national museum.kz сайтынан біле аласыздар. Және ол жерде онлайн жүйесінде билет сатып алу мүмкіндігі бар. Мәдени мұраларымызды, тарихи құндылықтарымызды,Қазақстанның тарихын танып білеміз деуші қонақтарға Ұлттық мұражай есігі әрқашанда ашық. 

 

Сурет: www.rutraveller.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер