Мәдениет

Астанадағы мұражай қоры құнды жәдігерлермен толықты

28.06.2016 11:42

Музыкалық аспаптар мен суреттер, ұлттық киімдер мен кітаптар және қол-жазбалар. Осындай құнды дүниелерді Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Астанадағы ұлттық мұражай қорына тарту етті. Бағалы жәдігерлердің арасында Бекзат Саттарханов жаттыққан былғары бокс қолғабы мен Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымовтың қамзолы  және көптеген көне заттар бар. Мұражайға ағаштан жасалған заттар оның ішінде қыл-қобыз және қазақтың қара домбырасы тапсырылыды. Белгілі дирижер Мұсабек Жарқынбековтың  жары  ол кісінің көзі тірісінде ұстаған заттарымен музыка әлеміндегі таптырмас ноталарын 90-ға жуық бағалы дүниелерін мұражайға табыстады. Жалпы, «Ұлттық музейге - сый тарту» акциясының аясында оңтүстік-қазақстандықтар 300 ге жуық құнды жәдігер сыйлады. Осымен төртінші облысты қамтып отырған акция аясында 1 мың 824 әртүрлі  жәдігер жинақталған.

 

Сейілхан САТТАРХАНҰЛЫ, БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ ӘКЕСІ:

Қазір енді бірінші этапқа анасы бұйырған бірқатар бұйымдарын беріп жіберді. Мен алып келдім.Ал,негізінде Бекзаттың барлық негізгі заттарының бәрі үйде қолымызда.Біз оны өз алдына бір арнайы мұражай ашып бір музей жасақтап қоямыз деп отырмыз. 

 

 

 

Сурет: www.azattyq.org

Көргендер саны: 329
Жаңалықпен бөлісу