Мәдениет

IV халықаралық театр фестивалі қорытындыланды

27.06.2016 11:31

"Сахнадан сәлем". Астанада 4-халықаралық театр фестивалі қорытындыланды. Бір аптаға ұласқан шараның соңғы күнінде мәскеулік сахна шеберлері "Антракт" спектаклін сахналады. Дәстүрлі фестиваль Астана күніне орай ұйымдастырылды. Оған еліміз бен Ресей, Украина сынды мемлекеттердің 14 драма театры қатысты. Әрқайсысы 7 күн бойы тың туындыларын сахналап, саладағы соны өзгерістерін паш етті. Қатысушылар қазақ-орыс тілдерінде өнер көрсетіп, қазақстандық және шетелдік театр сыншылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Ал фестивальдің жабылу салтанатында "Жастар" театрының актерлері ерекше қойылым көрсетіп, көпшілікті әсерлі көңіл-күйге бөледі.

 

Еркін ЖУАСБЕК, ТЕАТР СЫНШЫСЫ, ДРАМАТУРГ:

 

Фестивальдің ең үлкен табысы жақсы спектакль екені анық. Мінекей бүгін Мәскеуден келген "Луна" театрының спектаклімен жабтық. Әриіне фестивлаьдің мерекелік, Астана қаласының күніне арналып жатқаны белгілі. Деген күнде де әр спектакльден кейін пікір алысулар өткізіп, бүгінгі күндегі сахна өнерінің өзекті мәселері туралы қорытындылар жасадық. Жас актерлер қолытырып жатыр театрларды, режиссерлар толықтырып жатыр. Олар үшін мектеп болды деп ойлаймын.

 

Сурет: astana.gov.kz

Көргендер саны: 321
Жаңалықпен бөлісу