Мексикалық суретші Сандра Панидің «Ағаш сияқты» көрмесі ашылды

Мексикалық суретші Сандра Панидің «Ағаш сияқты» көрмесі ашылды

Елордалықтар танымал мексикалық суретшінің туындыларын тамашалай алады. Ұлттық  музейде Сандра Панидің «Ағаш сияқты» атты жеке көрмесі ашылды. Суретші «адам мен табиғат егіз ұғым» деп есептейді. Ол өз туындыларында адамды ағашқа ұқсатып бейнелеп, оны табиғаттың бір бөлшегі ретінде көрсетеді. Сандра Пани 2007 жылдан бері осы бағытта барлығы 36 еңбегін дүниеге әкелген. Елорда жұртына бұл серияға кіретін оның 30 жұмысы ұсынылып отыр. Көрме бір ай бойы жалғасады.

 

Марта Елена ФРЕДЕРИКИ БАРСЕНА КОКЮ, МЕКСИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ ҚР-ДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Алдағы уақытта Қазақстанда Мексика фильмдерінің апталығын өткізбек ойымыз бар. Сондай-ақ, мәдени саладағы байланыстарды нығайтатын бірқатар шаралар жоспарланып отыр. Мысалы, қазақстандық музыканттар Мескикаға барса, ал біздің өнер иелері осында келіп, тәжірибе алмасса, жақсы болатын еді.

 

 

 

Сурет: alchetron.com