Шымкентте «Театр көктемі – 2016» мәресіне жетті - Kazakh TV

Шымкентте «Театр көктемі – 2016»  фестивалі мәресіне жетті. Өңірдегі кәсіби театрлар үш күн бойы жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың шығармаларын сахналап, көрермендерге рухани азық, керемет көңіл-күй сыйлады. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Театрлардың қойылымын КСРО және Қазақстанның Халық артисі  Асанәлі Әшімов бастап, театртанушы Есмұқан Обаев, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі, Халықаралық Ш.Айтматов клубының вице-президенті Бусурман Одуракаев секілді өнер майталмандары бағалады. Өнер ұжымдарының қойылымдары 10 аталым бойынша марапатталды. Жүлде қоры 1 миллион теңге болатын  «Ең үздік қойылым» аталымынмен Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры марапатталса, жазушы, драматург Р.Отарбаевтың арнайы жүлдесімен облыстық опера және балет театры марапатталып, жеңіл автокөлік иемденді.

 

Рахымжан ОТАРБАЕВ, ДРАМАТУРГ:

Әр актер өзінің ішкі дайындығымен, ішкі монологымен әрбір образды алып шыққаны мені ерекше қуантты. Мен бір жаңалық ашқандай болдым, бұл жерде.

 

 

 

Сурет: aigak.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер