Елордадағы Ұлттық мұражайда «Күміспен күптелген Мекке» атты маркалар көрмесі ашылды. Таза күмістен соғылған 40 марканың барлығы қажылық тақырыбын қамтиды. Әрбірінде қасиетті Мекке бейнеленген.  Мәскеу ақша сарайының туындылары - мұсылман елдерінде шығарылған пошта марқаларының дәл көшірмесі.  Тұпнұсқасынан тек бағалы металдан құйылғанымен ерекшеленеді. Топтаманы жасауға ғалымдар, сарапшылар, инженерлер дизайнерлер мен мүсіншілер үш жыл бойы еңбенктенген. Шектеулі тиражбен шығуында өзіндік тарихи сыры мен мәні бар, дейді жоба авторлары.

 

Владимир ПРУСАКОВ, КӨРМЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ (РФ, МӘСКЕУ):

 

Топтамадағы марка санының тура қырық болуы кездейсоқтық емес. Бұл сан маңызды сыни кезеңдерді белгілейтін  ислам дәстүрлеріндегі  салт- жоралармен байланысты. Негізінен табиғи құбылыстар арасындағы үйлесімдікті білдіреді. Мұхаммед Пайғамбар дәл осы қырық жасында Алланың сөзін естіген. Ал, Қасиетті Құранды әрбір қырық күнде оқиды.

 

Сурет: www.stellapremium.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер