Қазақстандық өнерсүйер қауым жапондық Суми-э техникасымен жақынырақ таныса алмақ. Күріш қағазына тушьпен және минералды бояулармен салынған туындылар  тұңғыш рет елордадағы көрмеге қойылды. Акварельге ұқсас біркелкі түстер қолданылатын сурет өнері Жапонияда XIV ғасырда тараған. Оның басты ерекшелігі – сурет нобайының қарындашпен алдын ала салынбауында. Көрмеге 5 жапондық суретшінің туындылары қойылған. Олардың бағыттары сан алуан. Бірі шағын мүсіндер мен лактан туындылар жасаса, енді бірі нихонг каллиграфиясы мен суреттері салуға машықтанған. Елордалықтар назарына 35-тен астам жұмыс ұсынылып отыр.

 

Мизогучи БОКУДО, АЗИЯ ӨНЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Суми-э техникасы Жапонияда жиі қолданылады.  Адамның жүрегіндегі сезімді қарындаштан гөрі  тушьпен бейнелеу оңай деп ойлаймын. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасаймын.  5 суретшінің жұмыстары әртүрлі болғанымен, ортақ тұстар да жетерлік. Біз картиналарымыз арқылы Жапонияның терең тарихын жеткізуге тырыстық.

 

 

Сурет: vk.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер