Қызылордада «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» сурет көрмесі ашылды

Қызылордада «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» сурет көрмесі ашылды

Қызылордада Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай  сурет көрмесі ашылды. «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» картиналар галереясында қылқалам шеберлері өз туындылары арқылы егемендіктің айшықты тұстарын бейнелі жеткізген. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына 40 шақты картина ұсынылып, мән-маңызы, өзіндік әсері жөнінде әңгімеленді. Көркемсурет шарасы «Мәңгілік мәртебесі Тәуелсіздік» атты театрландырылған қойылымдардың облыстық байқауына ұласты. Аймақтық сайыста 8 мәдени ұжым шеберлік сынасты. Сахна шеберлері тәуелсіздік жолында жүріп өткен қилы замандарды 7 минуттық прологқа сыйғызуға тырысты. Сондай-ақ қойылым барысында еліміздің ширек ғасырдағы мәдени-рухани, тарихи құндылықтары көркем сценарийге ұштастырылды. 

 

Оңталап НҰРМАХАНОВ,  ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:    

 

Қызылорда қаласы өнерпаздарының, Шиелі ауданы мәдениет үйінің, Жаңақорған ауданы және гумманитарлық колледж өнерпаздарының өнері өз деңгейінде, өз биігінде ойларын тұжырымға жауап берді деп есептесек болады. Бұл облыстың барлық жерінде өткізіліп жатыр.

 

Сурет: www.mir24.net