"Қазақфильм" киностудиясынан шыққан көптеген деректі фильмдердің авторы, белгілі кинооператор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты - Вячеслав Белялов - көзі тірі болғанда 80 жасқа толар еді. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оның қазақ кино өнеріне сіңірген айтулы еңбегін айшықтайтын көрме ашылды. Белялов - табиғаттың тылсым сырын экран арқылы көрсете білген шебер. Өзі альпинизммен айналысып, тау шыңына көтерілгенде де өнердегі айнымас серігі болған кинокамерасын қолынан тастамаған. Апталап, тіпті айлап далада, шатырда жатып, сирек кездесетін аң-құстарды таспаға түсірген құнды көріністері ондаған деректі фильмге арқау болды. Көрмеге дипломдары мен марапаттаулары да қойылды.

 

Бақыт ҚАЙЫРБЕКОВ, "ҚАЗАҚФИЛЬМ" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Оның түсірген бейнекөріністері ешкімді бей жай қалдырмайтын және оған қызықпайтын адам жоқ шығар. Ол өзі таспаға түсірген құстарға қарап балаша қуанып, мәз болып отыратын еді. Өйткені, бір сәтті кадрды таспаға басу үшін ол  айлап уақытын кетіретін. Ал, қазір дәл сондай іспен тыңғылықты  ешкім айналыспайды.

 

 

 

Сурет: new.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер