«Әміре» фильмі көрерменге жол тартты - Kazakh TV

Қазақта Әміренің даусын берсін деген асыл сөз бар. Таңдайына бұлбұл ұялаған дарын иесі – шетел аспанын әнге бөлеген тұңғыш қазақ орындаушысы. Алаш үшін аңызға айналған ән атасын бүгінгі ұрпақ еш ұмытпайды. Нар тұлғаның өнермен өрілген өнегелі өмірі ұлықталатын фильм көрерменге жол тартты. Онда Әміренің 1925 жылы Франция елінде өткен бүкіләлемдік байқауға қатысқаны, шығармашылық жолының қызықты сәттері баяндалып, бізге белгісіз болып келген бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертіледі.

АРЫСТАНБЕК МУХАМЕДИУЛЫ, МИНИСТР КУЛЬТУРЫ И СПОРТА РК:

 - Ол Парижге барып, екінші орын алғанын өздеріңіз деректерден көресіздер. Сол уақытта ЭКСПО көрмесі өтетін, сондықтан бүкіл халықаралық байқаулар да сол кезде өтетін. Сол себепті бүгін көрсетіп отырған қойылымның маңызы біздер үшін өте маңызды. Біз тарихымызды көрсетуіміз керек. Екінші жағынан бұл шетелге көрсету үшін арнайы түсірілген фильм.

Қазақтың біртуар ұлының қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмыры суреттелетін картина халықаралық жоба екенін айту керек. Түсірілімдер Латвия мен АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жүргізіліп, Қазақстанда тәмамдалған. Бас қаһарман Әміренің бейнесін танымал актер  Санжар Мәдиев сомдады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер