Қазақстандық кино саласының мамандары Нью-Йорк кино академиясында шеберліктерін шыңдайды

Қазақстандық кино саласының мамандары Нью-Йорк кино академиясында шеберліктерін шыңдайды. Қазақ ұлттық өнер университеті беделді білім ошағымен ынтымақтастық орнатты. Қос тарап мәдениет, ғылым мен білім саласында өзара келісімге қол жеткізді. Оның ішінде студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып, бірлескен концерттер ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылмақ. Былтыр америкалық академияның Лос-Анджелестегі филиалымен сәйкес келісімге қол жеткізілген болатын. Жаңа келісім екіжақты ынтымақтастық көкжиегін кеңейте түседі. Осылайша, Қазақстан мен АҚШ-тың мәдениет, өнер және кино саласындағы байланыстарын дамытуға ықпал етеді.

ДАВИД КЛЕИН, NEW YORK FILM ACADEMY ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақ ұлттық өнер университетімен меморандумға қол қойылғаннан кейін әріптестігіміздің маңызы арта түсетініне сенімдіміз. Біз сіздердің студенттеріңізді қуана қарсы аламыз. Мамандарымыз кино саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, Қазақ ұлттық өнер университетінде өз жұмыстарын көрсетуге дайын. Шілде айына жоспарланған фильм-фестивальді асыға күтеміз. Ынтымақтастық аясы кеңейе беретініне сеніміміз мол.   

ТАЛҒАТ ТАЙШАНОВ, ҚАЗҰӨУ «КИНО ЖӘНЕ ТВ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Бұл шарт бізге өте маңызды, былтыр біз осындай шартқа Лос-Анджелес филиалымен отырғанбыз. Осы шарт бойынша біздің студенттер қарым-қатынасқа осында келе алады. Бұл жердің мұғалімдері бізге мастер-класс беруге келеді. Біз де осы жерде мастер-класс береміз. Сол үшін осы жұмыс бізге өте маңызды.