«Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты

«Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген туынды аты аңызға айналған шаһардың тарихымен таныстырады. Атап айтқанда, Отырар кітапханасы мен әбу Насыр әл-Фараби туралы толық мағлұмат беріледі. Ұлтжандылыққа тәрбиелейтін фильмде елін сүйетін екі баланың ерлігі баяндалады. 2Д, 3Д форматында жасалған 25 минуттық туындының режиссері – Азамат Ерназаров. Ал сценарийін Бақытжан Құлжабай жазған. Алдағы уақытта осы секілді 10 сериалды «Төле би», «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланып отыр.   

ЖАНЕЛЬ НҰРЖАНОВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ:

 - Бұл мультфильм маған қатты ұнады. Жалпы түсінгенім, Отырарды қорғаған адамдардың арқасында біз осы күнге жеттік деп ойлаймын. Білімді болуымыз керек екен. Өйткені күш бірлікте емес, білімде.