Жарқын, экспрессивті, әлеуметтік, интеллектуалды. Елордалық студенттер түсірген 15-ке тарта авторлық кинофильм үздіктер қатарынан көрінді. Астанада жыл сайынғы «Кино Старт» сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Кино өнерінде алғашқы қадамдарын жасап жүрген жас дарындарды ынталандырушы сыйлықты тағайындау –  Қазақ Ұлттық Өнер Университеті киносыншыларының бастамасы. Олардың айтуынша, қазір елімізде бәсекеге қабілетті кинематографистердің жаңа буыны қалыптасып келеді. Былтыр байқауға 40 студенттік картина қатысса, биыл олардың саны 50-ге жеткен. Арасында деректі, анимациялық, ойын, қысқаметрлік фильмдер және тіпті телевизиялық жобалар да бар. Қазылар алқасы режиссерлар мен операторлардың және актерлердің жұмысын бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Кино старт» сыйлығы жас дарындарды қолдау мақсатында тағайындалған. Қазақстан киноиндустриясын алға жетелейтін солар, дейді мамандар.

ИННА СМАИЛОВА  КИНОТАНУШЫ, ҚАЗАҚСТАН КИНОСЫНШЫЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Ұсынылған картиналарды қарағанда, жастардың кино өнеріне деген көзқарасы таң қалдырды. Олар өз жұмыстарында маңызды мәселелерді көтереді, тарихты да, бүгінгі күнді де қамти отырып, әлеуметтік жағын ұмытпайды. Сондай-ақ виртуалды, фэнтези жанрларда түсірілген картиналар да бар. Міне, биыл мені байқауға ұсынылған жұмыстардың саналуандығы таң қалдырды. Олар өз ойларын жеткізуде түрлі формаларды қолданған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер