Қазақстан туралы фильмдер Болгарияда көрсетілуде - Kazakh TV

«Қазақстанға қош келдіңіз!», «Избранный временем», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары». Қазақстан Президенті Телерадиокешені түсірген осы және өзге деректі фильмдер Болгарияның «Travel HD» телеарнасының эфирінен көрсетіліп жатыр. Бұл телеарна саяхат пен туризм саласына маманданған. Осылайша, болгариялық туристер Қазақстан туралы, елдің табиғаты мен тарихи ескерткіштері, халқының салт-дәстүрлері, бүгінгі жетістіктері туралы мол мағлұмат ала алады.

АСЯ ИВАНОВА, СОФИЯ Қ. ТҰРҒЫНЫ /БОЛГАРИЯ/:

 - Қазақстан туралы фильмдер көрсетілетіні туралы сіздің елшіліктің сайтынан білдік. Өткен аптада біз «Travel HD» телеарнасынан Қазақстанның бүркітпен аң аулау өнері және елдің көрікті жерлері туралы деректі фильмдерді тамашаладық. Ал бүгінгі фильм Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі жолы, жүргізілген реформалар, Қазақстан президенті туралы баяндайды. Жас отбасы болғандықтан, көп жаңалық аштық. Біз үшін өте қызықты болды.

МАРИЯН ИВАНОВ, СОФИЯ Қ. ТҰРҒЫНЫ /БОЛГАРИЯ/:

 - Фильмді қызыға тамашаладым. Өзім өндіріс саласында жұмыс істеймін, сол себепті Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықтың қандай мүмкіндіктері барын білдім.

АСЯ ИВАНОВА, СОФИЯ Қ. ТҰРҒЫНЫ /БОЛГАРИЯ/:

 - Осындай фильмдерді көріп, біз болгарлар Қазақстан туралы, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы мәлімет ала аламыз. Алдағы уақытта осындай бағдарламалар жиі көрсетіліп тұрса.

Деректі фильмдерді болгар тіліне аударып, олардың трансляциясын ұйымдастыру – Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық миссиясының бастамасы. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асқан көп шараның бірі ғана, дейді миссия басшысы Теміртай Ізбастин.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер