«Қиырдағы қазақтар». Қилы заманның тауқыметін тартып, әлемнің әр қиырына шашырап кеткен қандастардың сан түрлі тағдыры мен шынайы өмір салты топтастырылды. Заманның келеңсіз тұстарында ата салтты ұмытпаған алыстағы ағайындардың жай-күйін көрсететін фильм тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылды. Таныстырылым рәсіміне зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Жаһан кезген түсірілім тобы қазақ ауылдарында талай қызықты жәйттерді кезіктіріпті. Фильмде қандастарымыздың жырақта жүрсе де ұлттық салт-дәстүрді қалай дәріптейтіні әңгімеленеді.

ОЛЖАС БЕРКІНБАЕВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

 - Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Науаи қалаларын аралап, сол жақтағы қазақ ағайындарды түсірдік. Өздеріңіз білесіздер, бәріне мәлім. Өзбекстанда 1 миллионға жуық қазақ тұрады. Одан кейін Тәжікстанда болдық. Тәжікстанның Душанбе, Хатлон, Соды, Қорған Төбе елді мекеніндегі қазақтарды түсірдік. Ол жақта 3 мыңға жуық қазақ тұрады. Енді алдағы уақытта жоспарымыз бар. Ауғанстан, Иран, Түркменстан, Қытай қазақтарын түсірсек деген жоспарымыз бар. Фильмнің ұзақтығы - 25 минут. Репортаж жанрында түсірілген. Енді алдағы уақытта қазақ тілінен бөлек, ағылшын, орыс тіліне аударсақ деген жоспарымыз бар.

Еске сала кетейік, фильм Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының 25 жылдығына орай, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен түсірілді. Фильм жалпы 8 сериядан тұрады. Ал көрермен назарына алғашқы бөлімі ұсынылды, қалғаны алдағы уақытта көрсетілмек.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер