Қазақстанда өзбек киносының күндері өтеді

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында биыл елімізде өзбек киносының күндері өтеді. Осы орайда «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшылығы мен Қазақстан елшісі кездесіп жоба аясында біраз талқылаулар жүргізді. Екі елдің мәдени байланысын нығайту мақсатында арнайы «Жол картасын» жасау жайы да сөз болды. Кино саласындағы басым бағыттар мен мақсаттар көрсетіледі. Кездесуде сценаристер мен кино режиссерлар, операторлардан жасақталған бірлескен шығармашылық топ құру жайы да айтылды. Өзбекстан қазірдің өзінде ұлт батыры Жаллелиддин Мангубердидің өмірі мен шығармашылығы жөніндегі киноның басым бөлігін қазақ жерінде түсіруді жоспарлап отыр екен. Ондағы мақсат – ұлтаралық бірлестікті нығайтып, халық арасында бауырлас елдердің тамырлас, тағдырлас екенін көрсету.   

ШУХРАТ РИЗАЕВ, «ӨЗБЕККИНО» ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

 - Шын мәнінде біз Қазақстандық достарымызбен бірге кино саласында көп нәрсе атқаруымыз керек. Өйткені Қазақ халқымен тамырлас, тұтас діңгек болып бірігіп байланысып жатырмыз деуге болады. Біздің тіліміз де, дініміз де, салт-дәстүріміз де дүниетанымымыз да бір-біріне жақын. Сондықтан біз қазірден бастап болашаққа бағдар жасауымыз қажет.