Әйгілі кинорежиссер Шәкен Аймановтың туған жері киноиндустрияның ошағына айналуы мүмкін. Осыған орай Павлодарда «Ертіс синема» халықаралық кинофестивалі ұйымдастырылмақ. Отандық кино саласын кеңінен насихаттап, әлемдік дәрежеде таныту мақсатында өтетін ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтеді. Бүгінде шараның жоспары жасақталып, арнайы құрылған шығармашылық топ фестивальдің өту барысын бір ізге түсіріп жатыр. Мәдени шара еліміздегі жас сценаристер мен рижиссерлардың, сонымен қатар, әртістердің басын қосады. Алдын ала тіркелу жұмыстары жүргізіліп, сайт ашылады да қысқа метражды киноөнімдері мен деректі фильмдер өзара сарапқа салынады. Ал топ жарған туынды ашылу салтанатында көпшілік назарына ұсынылады. Ертіс өзенінің жағалауында өтетін халықаралық шара жаз мезгіліне жоспарлануда.

АРДАҚ РАЙЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бүгінгі күні, жалпы, жан-жақтан осы кинофестивальге қызығушылық танытып жатқан, әсіресе, жастар өте көп. Мен ойлаймын, Шәкен Айманов, біздің алғашқы режиссерлеріміздің бірі болғандықтан, Ертіс-Баян өңірінде киноиндустрия, кино саласын дамыту – ол біздің мәдениет саласындағы бағыттардың бірі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер