Қазақстандық кинематеграфия шет мемлекеттермен байланыс орнатып, ынтымақтастық аясын арттыруға мүдделі. Отандық кинематографистер Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Түркиямен бірлескен жобаларды түсіру мүмкіндігін талқылады. Шетелдіктердің айтуынша, түркі халықтарына ортақ Қожа Ахмет Яссауи, Көроғлы, Қорқыт ата сияқты тарихи тұлғалардың өмір жолы фильм жасауға сұранып-ақ тұр. Киноөндірістің қанатын кеңге жаюына «Кинематография туралы» жаңа заң жобасы да оң ықпал етпек.

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жаңа заңның шеңберінде салықтық жағынан жеңілдіктер болады. Сонымен қатар шетелмен бірігіп жасайтын кинолардың саны артады деп ойлаймыз. Егер олардың саны артса, онда  біздің киноөніміміз шетелдерге шығатындай жаңа нарықтарға шығатындай мүмкіншілік туғызылады.

Отандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен кинотуындыларды көбірек түсіруге  ден  қоя бастады. Бұл бір жағынан бюджетке жүктемені азайтса, екінші жағынан отандық туындылардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашады. Осы бағыттағы жұмыстың басы   Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ресейдің «Бірінші арнасының» бас директоры Константин Эрнсттің  екі елдің бірігіп түсіруі жоспарланған 2 жоба  туралы келісім бекітуі болып отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер