Қырғызстандық фильм «Алтын глобус» сыйлығының лонг-парағына енді

Қырғызстандық картина «Алтын глобус» сыйлығының лонг-парағына енді. Режиссер Эрнест Әбдіжапаровтың фильмі атақты манасшы Саяқбай Қаралаевқа арналған. Беделді кинопремияның ұзын парағына 52 елден барлығы 73 туынды енген. Номинанттар алдағы жылдың 7-ші қаңтарында белгілі болады.  Қырғызстандық картина 20-шы ғасырдың Гомері атанып кеткен манасшы Саяқбай Қаралаевтың өмір жолы туралы сыр шерткеніменімен, басты тақырып – «Манас» трилогиясының жұмбағы. Туысқан қырғыз халқының ақындық өнерінің ұлы үлгісі «Манас жыры» өзінің тарихи тағдырымен де, көркемдік болмыс-бітімімен де қырғыз халқы үшін зор бағалы, мәдени әлеуметтік маңызы өте жоғары әдеби ескерткіш болып табылады. Эпос Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық текстін жарияласа, 40 томға жетеді екен.

ШӘКІР ИБРАЕВ, ТҮРКІТАНУШЫ, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Әлемдегі ауызша сөз өнерінің ең шырқау шыңы іс жүзінде «Манас» эпосы. Бұл түркі халқының, оның ішінде қырғыз халқының айрықша мақтанышы. Әлемде «Манасқа» тең келетін көлемдік жағынан да, барлық халықтың тарихын қамту жағынан да тепе-тең  келетін шығарма некен саяқ тіпті жоқтың қасы. Бар бірақ Манасқа тең келмейді. «Манас» жыры Саяқбай Қаралаевтың жырлауында миллион жол. Бұл кітапқа шаққанда 100 том болады. 19 ғасырда Ш.Уәлиханов айтты бұл бір халықтың энциклопедиясы. 

Атақты манасшы Саяқбай Қаралаев туралы фильм бұған дейін де кино мамандары мен сыншыларының жоғары бағасына ие болған еді. Биыл күзде Канадада өткен халықаралық финофестивальдің «Ауызша дәстүрді жеткізудің визуалды инновациясы» номинациясында үздік деп танылған болатын.