Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өткен Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды фильмдер фестивалі мәресіне жетті. Екі күн бойы Көктөбе демалыс саябағында көрермендер мен кино мамандары байқауға қатысқан туындыларды тамашалады.

Деректі кино, анимациялық және көркем фильм секциясы бойынша сарапқа түскен туындылар 12 аталым бойынша марапатталды. Білікті кино мамандардың шешімімен бас жүлдені  Баймұрат Жұмановтың «Жесткий тип» фильмі иеленді. Алдағы уақытта байқаудың ауқымын кеңейтпекпіз,- дейді ұйымдастырушылар.

ӘНУАР КЕНЖИБАЕВ, «БАЙҚОҢЫР» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРВ:

 - Келесі жылы фестивальге үш жыл толады. Алдағы уақытта, көршілес елдердің осындай байқауларымен байланыс орнату ниетіміз бар. Көрермендерімізге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің үздік киноларын көрсеткіміз  келеді.

«Мәди» фильмінің режисері Бигелді Әбдібеков Нью-Йорк киноакадемиясының арнайы сертификатына ие болды. Жас маман енді сол академияда шеберлігін шыңдайды. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер