Биыл елімізде екінші мәрте «Байқоңыр» атты қысқаметражды фильмдердің республикалық байқауы өтеді. Оған қатысуға барлығы 140 өтініш түскен. Алайда, кино саласының мамандары тек 35 туындыны іріктеп алыпты.

Фестивальге қатысатын қысқаметражды фильмдер қоғамдағы сан-алуан тақырыптарды қамтиды. Аз ғана уақытта бір оқиғаны түсінікті етіп баяндап, көрерменнің көкейіне ой салу оңай шаруа емес. Қиын жанрды жандандырушылар негізінен студенттер мен жастар, дейді ұйымдастырушылар.

 

АХАТ ЫБРАЕВ, ҚАЗАҚСТАН КИНЕМАТОГРАФИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Елімізде  жетекші жеке-меншік киностудиялар аз. Кәсіби білікті режиссер да жеткіліксіз. Бірақ осындай байқауларды өткізу арқылы біз киноиндустрия саласын дамытуға үлес қосамыз. Өнерде бәсекелестік, нарық қалыптастырамыз.

 

Фестивальде «Үздік актер», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік режиссер» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Сонымен қатар, анимациялық фильмдер сарапқа салынады. Жеңімпаздар Нью-Йорк киноакадемиясында шеберліктерін шыңдап, халықаралық байқауларда бағын сынай алады. 

 

ЕРЖАН ЖҰМАБЕКОВ, ІРІКТЕУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Байқаудан тыс бағдарлама бар. Бұл бағдарлама бойынша «Саз махаббат» фильмі көрсетіледі және «Ана» деген фильм. Бұл екі фильмнің бір маңыздылығы екі бағытты анықтайтын фильмдер. Бірі коммерциялық фильм болса, ең алғаш қысқаметражды фильм прокатқа шыққан. Және де екіншісі ол авторлық фестивальге арналған фильм.

 

«Байқоңыр» кинофестивалі қыркүйектің 15-16 күндері Көктөбеде басталады. Үздік туындылар «Хабар» және «Еларна» телеарналарында, сондай-ақ Алматыдағы ірі-сауда орындарында орналасқан кинотеатрларда көрсетіледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер