Режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі Хорватияда өткен «Марко Поло» халықаралық кинофестивальде бас жүлдені иеленді. Мағынасы терең тарихи драма көрермендерді ғана емес қазыларды да бей-жай қалдырмады. Ұжымдастыру, отан соғысы, одан кейінгі ауыр жылдар. Фильмнің негізінде бас кейіпкердің анасынан адасып қалып, тағдыр тауқыметін кешкені, кейін шешесімен қайта қауышуы баяндалады.

 

ӘДІЛ АХМЕТОВ, АКТЁР:

 - Бұл жерде керемет сезім махаббат бар, елге деген Отанға деген сүйіспеншілік бар жане де ең бастысы үлкен адамгершілік бар. Ал енді фестивальдардан орын алып жатсақ, арнайы сыйлыққа ие болсақ бұл мен үшін де, елім үшін де үлкен қуаныш деп есептеймін. Хорватияда Марко Поло фестиваліне қатысу біз үшін мәртебе.

 

Киносыншыларының айтуынша, фильмнің бас кейіпкерлері шынайы сомдалып, адамның ішкі жан күйзелісі нанымды берілген.  

 

ИГОРЬ ПРИЗМИЧ, «МАРКО ПОЛО» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Фильм өте жоғары деңгейде түсірілген. Қазақстанның кино саласы осындай биік деңгейде екені үлкен әсер етті. Әсіресе актерлердің ойыны. Әрине ең маңыздысы мағынасы, анаға деген махаббат. Меніңше фильм коммерциялық тұрғыдан да үлкен жетістікке қол жеткізеді. Қазақстандық фильмнің біздің кинофестивальда көрсетілгеніне қуаныштымын.

 

ЗЛАТКО ВИДАКОВИЧ, КИНОСЫНШЫ:

 - Қазақстанда кино саласы тез дамып келеді. Актерлер мен режиссерлерге сұраныс жоғары. Туында өте ұнады. Біз жақын арада оны Загреб қаласында көрсетпекпіз. Өйткені кино тарих пен бай мәдениетіңізді көрсетудің жақсы құралы ғой.

 

«Анаға апарар жол» фильмінің арқасында Хорватия көрермендері Қазақстан тарихымен танысты. Фильмнің әсері соншалық, көз жасына ырық бергендер де болды. Мәскеу, Бішкек, Афинада жұртшылықтың ықыласына бөленген фильм енді әлемнің өзге де елдерінде көрсетіледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер