Миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан алғаш рет Астанаға аяқ басты. «Оскар» сыйлығының иегері Қазақстанға Қытай киносы фестиваліне қатысу үшін арнайы келді. Байқау аясында аспан асты елінің үздік деген 6 толық метражды фильмі ұсынылды. Оның бірі – әлемдік киноөндіріс саласының майталман  актері, каскадёрі, режиссёрі, продюсері, сценаристі Джеки Чанның  төл туындысы.

 

ДЖЕКИ ЧАН, АКТЕР:

 - Мен өз туындыларым арқылы өз әлемімді таныстыруға тырысып келемін. Атап айтқанда, менің фильмдерімде тілдік кедергілер болмағандықтан, олардың барлығының мағынасын еш қиындықсыз түсіне аласыздар.

 

Джеки Чанға 10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтегі Елшісі еліміз жайлы, оның жер байлығы мен табиғатының қаншалықты сұлу екенін әңгімелеп беріпті  Голливуд жұлдызы содан бері Қазақстанда кино түсіруді ойлап жүргенін айтты.

 

ДЖЕКИ ЧАН, АКТЕР:

 - Енді сол кереметтерге көзім жетіп отыр. Шынын айту керек, осы елге келіп, кинематографиямен айналысуды баяғыдан армандап едім. Бірақ, уақыттың тапшылығынан бұл ойымды осы күнге дейін жүзеге асыра алмадым. Келешекте осында кино түсіремін деген жоспар бар.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер