Канндағы Қазақстан павильонының ашылуы – отандық кинематограф үшін зор жетістік. Астанада 70-ші Канн фестиваліндегі кинопавильонның жұмысы қорытындыланды. Онда 2 апта бойы қазақстандық киноөндірушілердің үздік туындылары көрсетілген болатын. Мұнымен қоса, отандық фильмдер мен жобаларды кең жұртшылыққа таныту үшін тиісті келіссөздер де жүргізілген. «Павильонға 700-ден астам адам келді. Олардың арасында  БерлинАле және Венециан кинофестивалі сынды әйгілі фестивальдер  өкілдері де бар, -дейді ұйымдастырушылар. Павильон бағдарламасына Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің таныстырылымы енді. Ол 22 және 28 шілде аралығында Астанада  «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтпек.

 

РАШИД НҰҒЫМАНОВ, ҰЛТТЫҚ КИНЕМАТОГРАФИЯ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 
 - Біз өзге киностудиялардың президенттері, директорларымен ғана емес, кино нарық өкілдерімен де кездестік. Биыл «Еуразия» фестивалінің басым бағыттарының бірі кино нарығына көңіл бөлу болады. Яғни картиналарды сатып, сатып алудан бөлек, идеялармен алмасып, әріптестік жөніндегі келісімдерге қол қоюға баса назар аударылады.

 

АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА, «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің студенттер осымен екінші рет Канн фестиваліне қатысып отыр. Бұл, расында, өте қуанышты жайт. Өйткені биыл Канн фестивалінің 70 жылдық мерейтойы болды. Бұл атаулы күннен біз де шет қалмадық. Белсенді қатыстық деп айта аламын.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер