Бүгінде қазақстандық кинопрокаттың 15 пайзы еуропалық фильмдерге тиесілі. Бұл орайда Франция мемлекетінде түсірілетін туындылардың үлесі басым. Көрсеткіштің жыл сайын артуына елімізде дәстүрлі түрде өтіп тұратын  француз кинофестивалінің септігі жоқ емес. Осымен 8-ші байқау әдеттегідей  бүгінгі Франция киноөндірісінің тың жаңалықтарын ала келді.

 

БАУЫРЖАН ШҮКЕНОВ, КИНОФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ /ҚАЗАҚСТАН/:

 - Біздің көрерменді Франция киносымен таныстыру. Неге ол мәселен Франция киносы? Себебі ол басқа қино деп айтуға болады. Франция қоғам алдында өте көп мәселелерді қояды.Ол мәселелердің бәрін киноға шығарып, талқылау дегендей ең үлкен бізге маңызды болып тұрғаны сол франция киносында.

 

Биыл фестиваль еліміздің бірден екі шаһарында өтті. Оның аясында Астаналықтар мен алматылықтар және қала қонақтары франция кино майталмандарының 15 туындысын тамашалауға мүмкіндік алды. Бағдарламаға кірген фильмдер түрлі жанрды қамтиды. Танымал актер Пьер Ришардың қатысуымен түсірілген комедия, Катрин Денев ойнайтын мелодрама ұсынылды.

 

ЖОЭЛЬ ШАПРОН, КИНОФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ /ФРАНЦИЯ/:

 - Францияда жыл сайын 200-ден астам картина шығады. Бұл жолы да солардың ішіндегі үздік дегендерін іріктеп әкелдік. Қазақстандықтар кейбірінің алғашқы көрермені болды. Көпшіліктің талғамына сай филімдер ұсынылды. Өйткені жыл сайынғы фестиваль  жергілікті қауымға қандай өнім керектігін танытты.

 

Франция – киноның отаны. Еске салсақ, 18 ғасырдың соңында ағайынды-інілі Люмьерлер алғаш рет киносеанс ұйымдастырған. Бұған қоса, Франция алғашқылардың бірі болып 1946 жылы кино туралы заң қабылдаған. Содан бері үзбей дамып келе жатқан француз киносы әлі де өз көрермендерін жоғалқан емес. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер