Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алматыфильм» ЖШС қатысуымен жарыққа шығарған «Жүректерге жаңа ғұмыр сыйлаған» деректі фильмі желтоқсанның 8-і мен 12-і аралығында Катманду қаласында (Непал) өтетін 14-ші Халықаралық кинофестивальдің байқаудан тыс бағдарламасында көрсетіледі. Фильмнің режиссері Оңдасын Тастанов.

 

Деректі фильм халықаралық деңгейлі үздік кардиохирургтердің бірі – медицина ғылымдарының докторы Юрий Пяның қызметі және оның алғашқы науқастары туралы сыр шертеді.

 

- Юрий Пя – хирург болуға жаратылған адам. Фильмге оның біліктілігі туралы айтатын әріптестері мен өмірін сақтап қалған науқас жандар қатысқан. Бұл фильм шетелде көрсетілетініне қуаныштымын, - деді фильмнің режиссері Оңдасын Тастанов.

 

Гималай Ассоциациясының (Himal Association) ұйымдастыруымен Катманду қаласында жыл сайын өтетін Халықаралық кинофестиваль 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл фестиваль шеңберінде  Германия, Қытай, Франция, Үндістан,  Түркия, АҚШ, Корей сынды мемлекеттердің 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер