Режиссер Әділхан Ержановтың «Таңсәрі» толықметрлі көркем фильмі түсірілім кезеңіне өтті. Түсірілімдер «Қазақфильмнің» территориясында картинаға арнайы тұрғызылған декорацияларда жүріп жатыр. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жүзеге асып отыр.

 

Әкесі қалада өскен жасөспірім ұлын жабайы табиғат жағдайында өмір сүруді үйретіп, тәрбилейді. Қаладағы анасына қайтқан баланың өмірге деген көзқарасы өзгеріп келеді.

 

Режиссерлік ойларымен бөліскен Әділхан Ержанов: «Мен кинематографияның тілімен жеткізуге болатын мүмкіндіктерді ұнатамын. Мен үшін маңыздысы қарапайымдылық. Алайда оқиғаны тек иллюстрациялаудан аулақпын. Бастысы іс-әрекет арқылы көрерменге ой салу және оқиғаны әрі қарай дамыта алуына жағдай жасау».- деді.

 

Фильмнің мақсаты әке мен бала қарым-қатынасы арқылы ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Әкесі ұлына қаладағы бұзақыларға ермей, қылмыстық өмірден бас тартуына себепкер болады.

 

Серік Әбішев, фильм продюсері:

Шығармашылық топ барын салуда. Әр кадрды қоюға тыңғылықты дайындаламыз. Өйткені Әділхан кадрдың мінсіз болғанын қалайды. Барлығын егжей-тегжейлі қадағалайды. Осыған дейінгі фильмдердің де кадрларды қою жұмысына қатты көңіл бөлетінбіз. Алайда қазір  шығармашылық ойымызды толыққанды іске асыруға оңтайлы мүмкіндік туып отыр. Техникалық қамтамыз ету тұрғысынан жақсы жабдықталғанбыз. Соны пайдалана отырып,  қарапайым көрермендермен қатар киногурмандардың да көңілінен шығатын экрандағы визуалды  әсемдікті сыйлағымыз келеді. Түсірілімдер жоспар бойынша жүріп жатыр және қаңтардың ортасына дейін созылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер