Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі 2 желтоқсанда прокатқа шығады

Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі 2 желтоқсанда прокатқа шығады

Режиссер Ақан Сатаевтың «Хакер» фильмі АҚШ пен Канадада 2 желтоқсанда прокатқа шығады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картинаның продюсері Санжар Сұлтанов хабарлады.

 

«Хакер» (Anonymous) фильмінің дистрибьюторы – Sony Picture халықаралық компаниясы. Кинокартина қаңтар мен наурыз айларының аралығында Ұлыбритания, Франция, Италия, Австралия және Латын Америка елдерінде шығады екен. Продюсердің айтуынша, компаниямен келіссөздер жарты жыл бойы жүргізіліп, келісімге қол қойылған. Енді осы елдердегі көрермендер режиссер Ақан Сатаевтың картинасын тамашалай алады.

 

Ал қазақстандық кинотеатрларда фильмді 1 желтоқсаннан бастап көруге болады. Айта кетейік, 28 қарашада Instagram әлеуметтік желісінде флешмоб басталып кетті. Қазақстан эстрадасының әртістері «Аккаунт бұзылды. Толығырақ 1 желтоқсанда» деген жазбамен суреттер жариялады. Осылайша олардың кейін картинаның прокатқа шығуына осылай қолдау білдіргені белгілі болды.