Қазақ мультипликациясы тағы бір тың туындымен толығады, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. «Мұзбалақ» анимациялық фильмі көрерменге келер жылы жол тартпақ. Фильм режиссерлері мемлекет тарапынан қаржылық қолдаумен қатар, прокатқа шыққан кезінде қадағалау болса дейді.

 

60 минуттық анимациялық фильмді жарыққа шығару үшін үш жыл тапжылмай еңбек ету керек. 22 адамнан тұратын шығармашылық топ шамамен 85 мың сурет салуы тиіс. Фильмнің режиссерлері Тілек Тілеуғазы мен Тұрдыбек Майдан дайындық жұмыстары 2015 жылдың қыркүйегінде басталғанын жеткізді. Кадрлық тапшылық пен түрлі әкімшілік кедергілердің болуынан жұмыс тоқтап тұрыпты. Анимациялық фильм 2017 жылдың тамыз айында дайын болмақ. Алайда, режиссер прокатқа шыққан кезде отандық өнімге көңіл көбірек бөлінсе дейді.

 

Режиссердің пікірінше, шет елдік өнімдерге қарағанда отандық фильмдердің берері мол. Патриоттық сезімді оятып, дәстүрді дәріптеп, ұлттық идеологияны насихаттайтын бірден бір құрал - анимациялық фильмдер. «Мұзбалақ» көрінісінің желісінде адамның бүркітті алғаш рет қолға үйретуі баяндалады. Онда қыран құстың қазақ арасындағы ерек орны мен қасиеті көрсетіледі. Дайындық барысында Қазақстанның көрікті жерлері зерттеліп, ұлттық нақшта кейіпкерлерді көрсетуге аса көңіл бөлінген.

 

 


Сурет: baq.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер