Елордада Израиль киносының алғашқы фестивалі ашылды. Бағдарламаға түрлі жанрдағы бес фильм кірген. Фестиваль «Өлшемнің айырмашылығы жоқ» комедиясының көрсетілімімен басталды. Фильм 2009 жылы түсірілген. Қанжығасында ұлттық  киноакадемияның үш жүлдесі бар. Онда төрт жігіттің өмірі баяндалады. достардың біреуі қалада сумо күресінің секциясын ашуды ұйғарады.  Қос мемлекеттің мәдени сабақтастығын дамытуды көздеген игі бастама Қазақстандағы Израиль елшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылды.

 

Михаэль БРОДСКИЙ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ ЕЛШІСІ:

Бұл таңдаулы туындылар еліміз бен мәдениетімізден сыр шертіп, көрерменге еврейлер жайлы мағлұмат береді. Ендігі көздегеніміз қос мемлекеттің киноөндіріс саласында байланыс орнату.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер