Қазақ киносының мамандары шетелдіктердің назарына ілігуде. Жас оператор Еркінбек Птыралиев Түркияның астанасында түсірілетін жобаға шақырылғандардың қатарында. Оның жұмыстарымен танысқан әріптестері Еркінбекке «Отан үшін жан пида» толықметражды фильміне қатысуға ұсыныс жасапты. Айту керек, Еркінбектің шетелдік әріптестеріне қысылмай көрсететін еңбектері жетерлік. Тіпті, ол түсірген  «Хозяева» толықметражды фильмі Канн фестивалінің негізгі бағдарламасына еніп, сыншылардың жоғары бағасына ие болған.  Бұл картинаны Еркінбек жас режиссер Әділхан Ержановпен бірге жүзеге асырды.

 

ЕРКІНБЕК ПТЫРАЛИЕВ, КИНООПЕРАТОР:

Сен өзің залда отырған кезде, бірге көргенде басқаша сезім. «Мынаны түсінеді ме екен? Ұнайды ме екен? Жұмысым көрінеді ме? Кинопроектор тоқтап қалмайды ма екен?» деген ойлар келеді.  Ішкі дүниең қобалжып отырады. Ал соңғы титрлар шыққан кезде қуаныш бар, бір-біріңді құшақтап, құттықтап. Ал енді өмірімдегі ең әдемі кездердің бірі – Канн фестивалі.

 

«Хозяева» фильмінен бөлек, Еркінбектің операторлық жұмыстарының қоржынында «Я-коррупционер», «Однажды в детском доме» туындылары да бар. Шақыртулар, ұсыныстар, жобалар. Қазір Еркінбектің бос уақыты жоқ десе де болады. Қызығы сол -  мектеп бітіргенде  ол оператор болуды мүлдем армандамапты да.

 

ЕРКІНБЕК ПТЫРАЛИЕВ, КИНООПЕРАТОР:

Шымкент қаласында экономикалық факультетте оқыдым 1 ай. Бизнесмен, экономист боламын деп ойладым. Жүргенов академиясында операторлыққа түскен кезде барлық курсымыздың  жолы болды. Оқуға тапсыруға барған кезде Болат Қалиұлы Сулеев деген кісімен таныстық.

 

Қазіргі сандық технологиялар заманында кез келген адамның бұл іспен шұғылдана алатыны сөзсіз. Алайда бояуы қанық, идеясы айқын картиналар, әрине, кәсіпқойлардың еншісінде. «Жарық қоя білу, түстерді  сезіне білу, түсірім алаңында жұмыс жасай білу - осы маңызды», - дейді Еркінбек.  Ол өзінің студенттерін де осыған  үйретуде.

 

Еркінбектің  студент-операторларға арналған шеберханасы бар. Бұдан бөлек, ол өз білген-тоқығанын Қазақ өнер университетінің студенттерімен бөлісуде.  Келер жылы алғашқы түлектері  бітірмек.

 

ДӘУЛЕТ РЫСҚҰЛОВ, ҚАЗАҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ:

Группадан 3 бала болып «Таңдау» сериалына барған кезде ол кісінің бізге студент ретінде емес, ассистент ретінде емес, өзінің болашақ әріптестері ретінде қарап, бізге сценарийді оқытып, қандай ой айтамыз, соның бәрін сұрайды. Толықметражды фильмдерде де жұмыс істеу барысы дәл солай.

 

 

 

 

Сурет: Expertonline.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер