Дисней студиясы ұсынған толықметражды «Моана» мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсан күніне жоспарланған. Бұл туралы kaz.tengrinews.kz хабарлайды.

 

Фильмнің сюжеті бойынша, қиял әлемде өмір сүретін 14 жастағы Моана өзінің ойындағы ертегі кейіпкері Мауиді іздеу үшін мұхитқа саяхаттайды. Бұл оқиға шамамен 2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдарында болады.

 

Айта кетейік, фильмді дубляждауға танымал әншілер мен актерлер тартылған. Олардың арасында Мақпал Исабекова, Бүркіт, Лидия Қаден мен басқа да әншілер мен актерлер бар. Ал дубляждың режиссері Рита Әбішева болса, музыкалық орындаушысы Күнімгүл Борамбаева.


«Моана» – Уолт Дисней студиясында түсірілген 56-шы мультфильм. Бұл мультфильмді түсіруде режиссерлер Рон Клементс пен Джон Маскер жұмыс істеген. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер