Қазақ режиссері Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильмі «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» ұсынылды. Бұл туралы zakon.kz, Hollywood Reporter сайтына шыққан мәліметке сілтеме жасап хабарлайды.

 

Тарихи драма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Ермұхан Бекмаханов Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалар жасаған.

 

«Қазақфильм» студиясының «Аманат» картинасы 2016 жылдың 19 мамырында прокатқа шыққан болатын. Сюжет бойынша – үш желі мен үш кейіпкер – Кенесары, Ермұхан және Рамазан – әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Сатыбалды Нарымбетовтің айтуына қарағанда, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі – әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты. Басты кейіпкерлер Халиманың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова, Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов сомдаған. Актерлер Санжар Мәдиев пен Қарлығаш Мұхамеджанова баспасөз мәслихатында түсірілім алдында тарихи деректермен танысып шыққанын айтқан болатын.

 

 

Фото: egemen.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер