Шетелдік киноөндірушілерге салықтық жеңілдіктер беру мүмкіндігі қарастырылуда. Еліміздің кинематографистер одағының тең төрағасы Ахат Ибраевтың айтуынша, мұндай шешім ел аумағында  түсірілетін киноның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ал, шетелдіктер өз тарапынан түсірілім тобының басым бөлігін қазақстандық мамандар арасынан іріктеп алуға міндетті. Сонымен қатар, қазақстандық авторларға да өнерін жетілдіру үшін жағдай жасалмақ. Бұл шаралар кино индустриясын дамыту тұжырымдамасының аясында қолға алынуда.

 

АХАТ ИБРАЕВ,  РЕЖИССЕР, ҚР МСМ ҚАЗАҚСТАН КИНЕМАТОГРАФИСТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ

Біз кино түсіру саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіспіз. Сол себепті отандық кино түсірушілерге де салықтық жеңілдіктер жасаймыз. Бұл жергілікті мамандардың табысына оң әсер етеді. Ал шетелдіктерге қызмет көрсету жағынан төлемдерді азайту да ойда бар. Меніңше, жаңа қадам киноөндірісіне инвестиция тартуға жол ашады. 

 

Сурет: culture.lb.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер