Қазақстанда отандық кинематография саласының беделін көтеру үшін биыл жаңа концепция қабылданбақшы. Бұл үшін танымал кинорежисер әрі продюсер Тимур Бекмамбетов арнайы шақырылған.  Мәселен кейінгі 5 жылда елімізде 68 фильм және 7 толықметражды анимациялық туынды түсірілген.  10 млрд 427 млн теңге. Бұл - былтыр еліміз бойынша кинотеатрларда көрсетілген фильмдерден түскен жалпы қаржы. Оның 7 жарым пайызы ғана отандық фильмдердің табысы. Көңіл көншітпейтін көрсеткіш   қазақ кине-матографистері мен жауапты ведомство өкілдері бас қосқан жиында талқыға түсті.  Тимур Бекмамбетовтың ойынша төл туындыға деген сұранысты арттыру үшін баға саясатын реттеу қажет.

 

Тимур БЕКМАМБЕТОВ, КИНОРЕЖИССЕР, СЦЕНАРИСТ, ПРОДЮСЕР:

Себебі, ұлттық киноның прокаттағы үлесі жеті жарым пайыз ғана. Бұл көрсеткіш Ресейде шамамен 15, Францияда 30, Кореяда 50-60, ал Қытайда 80 пайыз. Отандық фильм билеті қолжетімді болса, ел кинотеатрларға көбірек барады.

 

Тұжырымдаманы ұсынған министрлік өкілдері кино майталмандарының ұсыныстарын міндетті түрде ескеріп, қорытынды шығарамыз,-дейді.

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Көптеген сындар айтылып жатыр. Прокат туралы айтылып жатыр. Кино саласында әлі не жеке кино туралы заң да болған жоқ, не арнайы тұжырымдама болған жоқ. Бәріміздің де арманымыз сол.

 

Ал қазақстандық продюсер әрі актер Нұртас Адамбаев отандық фильмдер билетінің құнын арзандату жөніндегі Бекмамбетовтың пікірімен келіспейді. Бұл жөнінде ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазған.

 

Нұртас АДАМБАЕВ: ПРОДЮСЕР. АКТЕР:

Қазақстандық фильмге билеттердің бағасын арзандатып, біз өзіміздің намысымызға тиеміз. Осылайша отандық өніміміздің қадірін түсіреміз. Бекмамбетов кино режиссері ретінде көрерменге қызық болатындай фильм түсіруге қаражат жұмсаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек. Адамдар 100-200 теңгесін үнемдеп, «орташа» фильмге барады деп ойламаймын. Жақсы фильм болып жатса, халық барады».

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер