Елімізде үздік фильмдерге «Тұлпар» сыйлығы тағайындалады. Яғни бұл жүлде - америкалық «Оскардың» баламасы деуге негіз бар. Қыркүйектің 24-і мен 30-ы аралығында Алматыда 12-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Сол байқауда «Тұлпар» сыйлығының алғашқы иегерлері анықталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл кинофестивальдің есігі көрермендер үшін ашық болады. Яғни, авторлық туындылар қала тұрғындарына тегін көрсетіледі. Фестивальдің негізі бөлігі қаладағы орталық кинотеатрлардың бірінде өтеді деп жоспарланған. Биылғы байқауға алыс және жақын шет елдерден барлығы 112 шығарма түскен.

 

РАШИД НҰҒЫМАНОВ, "ЕУРАЗИЯ" КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 «Тұлпар» сыйлығынан Қазақстаннан 13 және орталық азиядан 3 фильм үміткер.  Бұл жобаның басты ерекшелігі -арнайы іріктеу комиссиясы жұмыс жасап , фильмдерді нақты талаптар бойынша  таңдап алады. Атап айтар болсақ Тұлпар» сыйлығына ұсынылған туындылар  Қазақстанда прокатқа шығуы тиіс. Немесе өткен жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап көрсетіліп жатқан фильмдер Қазақтандық болуы керек.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер